Құтқару құралдарымен қамтылды

Қостанайлық полицейлері құтқару құралдарымен қамтылды Қостанайлық тәртіп күзетінің қызметтік автомобильдері енді кез келген төтенше жағдайда көмектесетін қосымша құтқару құралдарымен жабдықталды. IMG_1463Тәжірибе көрсетіп отырғандай, патрульдік полицейлер жол-көлік оқиғасы, өрт немесе суға батып бара жатқан адамды құтқару сияқты оқиға орнына алғашқы болып келеді. IMG_1475– Құрал-жабдықпен қамтамасыз етудің арақсында енді полицейлер оқиға орнына арнайы қызметтер келгенге дейін құтқару операцияларын жүргізе алады. Өйткені, шұғыл жағдайларда әр секунд маңызды, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Виталий Цой.
Бұл іс-шара Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр. Қажетті құралдардың тізіміне: құтқару кеудешесі, арқан, шеңбер, альпинистік жіп, аккумуляторлық фонарь, өртке қарсы мата, қорғаныш капюшон, өлшеу рулеткасы, жарық шағылдырғыш лента, қосымша өрт сөндіргіш және басқа да құралдар кірген. IMG_1471– Бірінші кезекте арнайы жиынтықтармен біз су қоймаларына жақын орналасқан патрульдеу бағыттары бар экипаждарды қамтамасыз еттік. Құтқару құралдарын Ұзынкөл, Бейімбет Майлин, Әулиекөл, Қостанай аудандары, Қостанай және Рудный қалалары сияқты аймақтар алды. Сондай – ақ, республикалық маңызы бар автожолдарға қызмет көрсететін полиция қызметкерлері-деп атап өтті Виталий Цой.
Патрульдік автокөліктерді құтқару құралдарымен жабдықтау үшін облыс әкімдігі жергілікті бюджеттен арнайы қаражат бөлді. Қазіргі уақытта 16 патрульдік автомашина жасақталды. Сонымен қатар, барлық қызметкерлер үшін аталмыш құтқару құралдарын қолдану дағдыларын үйрету бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды.
 
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓