Алдағы оқу жылына дайын
Жаңа оқу жылына мектептерді дайындау шаралары аяқталуда. Осыған байланысты құрылыс, сонымен қатар білім беру объектілерінің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау мәселелері ерекше бақылауда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы В.Цымбалюк айтты.
«Жазғы кезеңінде Қостанай облысында жаңа үш мектептің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсаттарға бюджетте 2,7 млрд теңге көзделген. Облыс орталығында мектеп орындарын құру қажеттігі үнемі өсуде. 1-қыркүйекте «Әуежай» шағын ауданының жас тұрғындары жаңа мектеп табалдырығын аттайды. 900 орынға арналған заманауи мектептің құрылысына 1,6 млрд теңге бөлінген.
Орын тапшылығын және үш ауысымды оқытуды жою мақсатында Қостанай қаласында «Юбилейный» шағын ауданында жалпы құны 3,2 млрд теңгеге 1200 орынға арналған мектептің құрылысы басталды. Бастапқы кезеңге республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген, объектіні аяқтау мерзімі – 2021 жылдың тамыз айына дейін деп жаспарланып отыр»,- деді В.Цымбалюк.
Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік тілде оқытатын 320 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды. Оған бюджеттерден 1 млрд 71 млн теңге (республикалық бюджет – 1,07 млрд теңге, облыстық бюджет – 1 млн теңге) бөлінді. Құрылысты 2020 жылдың маусым айында аяқтау жоспарланды. Мектеп сапалы білім беру процесін өткізу үшін барлық қажетті жабдықпен жабдықталатын болады. Бұдан басқа аталған мектептің ғимаратында бұрынғы жылдары оқытудың қауіпсіз жағдайларын қолдау шаралары қабылданды. Қазіргі таңда ғимарат оқу нормативтеріне толықтай сәйкес келеді. Бұдан басқа, Әулиекөл ауданының әкімдігі мектептің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталғанға дейін мектептің тағы 1 жылға жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар кешенін жүргізуде.
Облыс әкімінің қауіпсіз оқу жағдайларын жасау туралы тапсырмасына сәйкес ғимаратта жылы дәретханалар жұмыс істейтін болады, тамақтандыру және жылу режимі ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылында мектеп ғимараты комиссиялық түрде қабылданады және тиісті рұқсат құжаттары алынады.
«Жазғы кезеңде қажетті жағдайларды жасау үшін облыста 21 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде бесеуі «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша іске асуда. Осы мақсатқа республикалық және облыстық бюджет қаражатынан 2,7 млрд теңге бөлінгенін атап өту керек. Салыстыра келсек, өткен жылы 12 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 850 млн теңге бюджет қаражаты жұмсалған болатын. Ағымдағы жылы өткен жылдан 3 есеге артық қаржы бөлінді», – деді облыстық білім басқармасының басшысы.
Кейбір білім беру ұйымдарының күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылының басында аяқталады және 1 қыркүйекке балалар жаңартылған сыныптарды отыратын болады. Барлық нысандардағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Мәселен, Рудный қаласындағы 2 объектіде №9 бөбекжай-балабақшасы және №19 орта мектебі толық аяқталды, онда 129,9 млн теңге сомасына шатырға күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 2019 жылға арналған жоспар бойынша Жітіқара ауданының гимназиясында 15 млн теңге сомасына шатырды күрделі жөндеу толық аяқталды.
«Алайда, орындалатын жұмыстар көлемі өте үлкен объектілер бар және құрылыс нормаларына сәйкес ЖСҚ бойынша 6-8 айға дейін орындалатын жұмыстар мерзімімен ғимаратты толық қайта жаңарту жүргізіледі. Бұл ұйымдарда күрделі жөндеу 1 қыркүйектен кейін жоспарлы түрде жалғасатын болады. Осылайша, №21 негізгі мектепте және Қостанай қаласының №30 орта мектебінде алпыс жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген. Кесте бойынша жұмыстарды аяқтау 31 қазанына дейін жоспарланып отыр. Қала әкімдігі оқушыларды оқыту қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Атап айтқанда, №6, №21, №10 орта мектеп базасында №30 орта мектеп оқушылары үшін оқытуды ұйымдастыру. Оқушыларды уақытша оқу орнына жеткізу барлық қауіпсіздік нормаларын ескере отырып жүзеге асырылады. Мектеп оқушылары екінші тоқсанды өз мектептерінде қарсы алады. Сонымен қатар, кестеге сәйкес Рудный қаласының №3 орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осы мектепке қаражат бірінші жартыжылдықта облыстың мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша іздестірілді. Мердігерлік ұйым жоспарлы тәртіпте ағымдағы жылдың тамыз айында жұмысқа кірісті. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтар жақын жердегі №10 мектеп-гимназиясында екінші ауысымда ұйымдастырылады, – деді В.Цымбалюк.
Өңірімізде жаңа оқу жылының басталуына ауқымды дайындық жүргізілді. Мектептер құрылысына, жөндеу жұмыстарына жалпы алғанда 6 млрд теңгеден астам сома бөлінді. Облыстық білім басқармасының айтуынша, жөндеу жұмыстарының сапалы және уақытылы орындалуы күнделікті бақылауда.
Шұға Қоңқабай