ҚҰРЫЛЫСҚА КЕДЕРГІ БОЛМАУЫ ТИІС

   Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақта болып, "Кировец" трактор зауыты ғимаратының қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жайында Архимед Мұхамбетов өзінің инстаграм парақшасында хабарлайды.
   Кестеге сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталғаннан кейін, "Петербург трактор зауыты" АҚ жабдықты монтаждауға кіріседі.
   Құрылыс-монтаж жұмыстарының жылдам қарқынына қарағанда, жұмыс белгіленген уақытта аяқталуы тиіс.
Зауытты уақтылы іске қосу мақсатында облыс әкімі жауапты лауазымды тұлғаларға жобаны іске асыруға көмек көрсету үшін бірқатар тапсырмалар бергенін хабарлайды.
   Айта кету керек, жоба жыл сайын 500-ге дейін трактор өндіру негізінде еліміздің агроөнеркәсіптік қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓