Жаңарған білім ошақтары

Қарабалық ауданында мектептердің 33%-ында күрделі және жартылай жөндеу жұмыстары жасалған. Болашақта ауданда мемлекеттік тілде білім беретін жаңа мектеп салынуы мүмкін. Бұл туралы аудан әкімі Алмат Исмағұлов облыстық баспасөз клубындағы журналистермен кездесуде айтты.

IMG_4129

Сапалы білім беруде білікті мамандар мен мектептердің талапқа сай болуы маңызды. Сондықтан аудан бойынша 2015 жылдың жаз айында жеті мектеп пен балалар өнер мектебінің шатыры және бір мектептің терезесі ауыстырылып, жаңарды. «Улыбка» балабақшасындағы медициналық пункт жөндеуден өтті. 2015-2016 жаңа оқу жылында №2 Қарабалық орта мектебі жаңарған күйде оқушыларға есігін айқара ашты.
Ауданда мектепке дейінгі ұйымдарда 357 бала кезекте тұр. Бұл мәселені шешу үшін білім мекемелерінің жанынан толық күн тәртібінде жұмыс істейтін шағын орталықтар ашу жоспарланып отыр. Жылдың соңында №3 Қарабалық орта мектебінің жанынан 30 орынға шақталған шағын орталық ашылмақ. Қазіргі уақытта шағын орталыққа қажет құрылғылар үшін мемлекеттік сатып алуды өткізу жұмыстары басталды.

IMG_4167

– Мемлекеттік тілде оқытатын №3 Қарабалық орта мектебі ауданның шетінде орналасқан. Сондықтан былтыр орталықтан жаңа мектеп салуды жоспарлаған едік. Алайда әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кейінге шегерілді. Негізі, мемлекеттік тілде білім беретін мектептің құрылысын бастау жоспарда бар,-деді Қарабалық ауданының әкімі Алмат Исмағұлов.
 
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков
     

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓