Білікті де білімді болсаңыз…

Облысымыздағы  жаңадан ашылатын  физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебіне жалпы білім беру пәндері бойынша  мұғалімдерін іріктеудің конкурсы өтеді.
мектепКонкурс 2014 жылғы 25,26 қазан аралығында Қостанай қаласының Солтүстік-Батыс (Қостанай-2) ауданындағы мектепте болады.  Қатысушылар 3 (үш) турға қатысады,  біріншісі – тестілеу, екіншісі – шығармашылық, үшіншсі – әңгімелесу. Кандидаттарда өзімен мұғалімнің портфолиосы және суреті бейнеленген түйіндемесі болуы керек. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, мектептке  қосымша тағы да  қазақ және орыс тілді биология, информатика, тарих, өзін-өзі тану, дене тәрбиесі, өнер, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, педагог-психолог, химия/физика/, биология лаборанттары, қосымша білім беру педагогы, педагог-ұйымдастырушы-куратор қажет. Байқауға қатысып, құрметті ұстаздар, бақ сынаңыздар!
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓