Көшпелі топ жұмысы басталды

Өңірімізде кеше ҚР ПӘ бастамасымен және партияның «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жинау мен зерделеу мәселелері бойынша көшпелі сараптамалық топтың жұмысы басталды. Жұмыс тобының құрамында ҚР ІІМ, ҚР ДСМ, ҚР ӘМ, прокуратура, ҚР БҒМ, ҚР ХӘҚМ, ҚР АҚДМ, ҚР МСМ өкілдері бар.
«Жол картасының «Бақытты отбасы» партиялық жобасымен танысу, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмектесу және балалық шақтың қорғалуын қамтамасыз ету құралдарын енгізу. Өңірлік деңгейде баланың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін ведомстволардың қызметін бағалау. Сонымен қатар әрбір Жол картасы отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға, балалар үшін қауіпсіз ортаны құруға, жұмыспен және қосымша біліммен қамтамасыз ету және учаскелік қызметтерді, учаскелік инспекторларды, дәрігерлер мен мектеп психологтарын ведомствоаралық үйлестіру бойынша жетпістен астам шара көзделген. Олардың барлығы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты анықтауға және алдын алуға тиіс», – деді «Nur Otan» партиясының жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева.
Біздің өңірде 4 жұмыс тобы құрылды. Енді олар өңіріміздің 14 аудан-қалаларында болып, мектеп, денсаулық және спорт нысандарын аралап, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысатын болады. Алдағы сәрсенбі күні топ мүшелері жұмысты жетілдіру бойынша өз талдаулары мен ұсыныстарын Балалар құқығын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында ортаға салатын болады.
«Ақпан айында Елбасының бастамасымен төрт ұлттық жоба құрылған болатын. Соның бірі – «Бақытты отбасы» жобасы. Облысымызға жұмыс сапарымен республикадан келіп отырған сараптама тобы осы жобаның өңірімізде қалай  жүріп жатқанымен танысады. Біздің облыстан жергілікті сала мамандарымен бірлескен жұмыс тобы құрылды, – деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓