«Алқап күні» аталып өтілді

Биыл Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының (АШТС) құрылғанына 90 жыл толды. Осыған  орай халықаралық алқап күні атап өтілді. Астықты мекеннің мерейтойы кең көлемде ұйымдастырылған.
IMG_9552  
IMG_9572
Мерейтой қарсаңында тәжірбие стансасында омарта шаруашылығы қолға алынған болатын, енді бұл істі Қазақстанның омарташылар одағының қолдауымен дамыту жоспарланып отыр. Одақ субсидиялауға көмек көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ бал арасын өсіру бойынша асыл тұқымды ірі зауыт құруға көмектесуге ниетті. АШТС үшін жаңа бағыт тозаңдандыру арқылы қарақұмық өнімін 60-65% – ға, күнбағыс 40-45% – ға, сонымен қатар басқа да дақылдардың өнімділігін арттыру көзделіп отыр.
Станса мерейтойына арналған іс-шараға Қазақстан мен Ресейден тауар өндірушілері арнайы келді. Олар ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі мен ғылыми стансаның алқаптарын аралап, жаңа сорттардың өсімін көрді. Сонымен қатар,  нарықта дәлелденген әр түрлі дәнді дақылдардың 70 сортымен танысты.
IMG_9686 IMG_9710 IMG_9727
Аталмыш шарада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов, сондай-ақ Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы басқарма төрағасының орынбасары Есембай Исламов болды. Мәртебелі меймандар мерейтойға орай ұйымдастырылған конференцияға спикерлер ретінде қатысты.
– Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе стансасы осы уақытқа дейін көптеген табыстарға жетті. Еліміздің астық өндірісінде бұл ғылыми-тәжірибелік орталықтың қосқан үлесі орасан зор. Бүгінгі күні Қарабалық ғылыми тәжірибелік стансасының ғалымдары мен селекционерлері бидайдың, арпаның, басқа да дәнді және майлы дақылдардың, көпжылдық шөптердің 150 сұрыбын шығарып, будандастырды. Мен облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың құттықтау сәлемін жеткізгім келеді. Тек облыстың ғана емес республикамыздың мақтанышына айналып үлгерген тәжіибелі станса. Бұл еліміздің астық индустриясына қосылған үлкен үлес деп білемін, – деді Ғауез Торсанұлы.
Конференция барысында қатысушылар мен спикерлер дақылдарды өсіру тәжірибесімен бөлісіп, Қарабалық стансасының жұмыс жылдарындағы жетістіктері туралы әңгімеледі.
Тәуелсіздігін алғалы бері ауылшаруашылығы дақылдарының 34 жаңа сортын шығарған Қарабалық АШТС-ның шығарған 45 сорты республикада будандастырылып, өткен жылы жұмсақ бидайдың «Айна» және «Ламис» деп аталатын жаңа сорттары, қатты бидайдың  «Шарифа», арпаның «Медикум-18» және сұлының «Сұлу» сорты пайда болды.
Шара соңында стансасының үздік қызметкерлеріне Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан төсбелгі мен грамоталар табыс етілді. Сондай-ақ, облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін қызметкерлер Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
IMG_9914
Суреттерді түсірген Б. Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓