Сарыкөлдегі ойын алаңдары
Ауданда балалардың болашағы үшін бірқатар шара қолға алынып, жеткіншектердің жарқын өмірге жаңа қадам жасауына жағдай жасалуда.
Сарыкөлдік балалар үшін жүзеге асырылып жатқан қыруар жұмыстардың бір парасы – ойын алаңдарының ашылуы. Аудан әкімі Эльдар Күзенбаевтың тікелей қолдауымен қолға алынған іске "Сарыкөл – 2012" қоғамдық қорынан қаражат құйылды.
Бүгінде барлығы бес балалар алаңы, яғни Павших Борцов көшесі бойындағы "Масақ" дүкені маңында, Юбилей көшесіндегі Сарыкөл мектебінің қасында, Мир көшесі "Балдәурен" балабақшасының бойында, Ленин көшесіндегі ауыл әкімдігінің жанында және "Достық" саябағы алаңында салынды. Санынан сапасы бірінші орында тұрған бұл балалар алаңдарының үсті-үстіне салынуы балалар түгілі сарыкөлдіктер үшін де күтпеген сый болды.
Ең бастысы сол балалар әт-кеншек теуіп, түрлі ойын құрылғыларымен көңілдерін көтеріп, денсаулықтарын дамытып, жаңа алаңда аунап-қунап, бар құмарларын қандырғанша ойнайтын болады.
Руслан Әлкеев.
Сарыкөл ауданы.