Сара жол салған саясаткер

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Зәуре Бәйменованың қатысуымен Елбасының елге сіңген еңбегі туралы пікір алмасу жиыны өтті. Диалог алаңына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова шақыртылды.
IMG_8170
IMG_8204
– Ел тарихындағы ауқымды саяси оқиғалардың бастамашысы Елбасының сіңірген еңбегі ерекше. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқан жылдары ішінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан тұрақты түрде  қарқынды дамып келе жатқан ел екенін бүкіл әлем мойындады. Мұндай аса үлкен жетістіктерге жету  тек алдына ұлы мақсаттар қоя білген  ғасырлар тоғысындағы  аса көрнекті  саясаткер Елбасының ақылы мен терең білімінің, кемеңгер басшылығының арқасында ғана жүзеге асырылды. Егемендік алғалы Елбасы көпжақты  мемлекетаралық қарым-қатынастарға айрықша мән беріп, саяси, әскери және сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға әрі интеграциялық  бастамаларды  іске асыруға және  ең бастысы, жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің  тұрақтылығына кепіл болды, – деп атап өтті басқарма басшысы.
IMG_8189
Ал Ботагөз Қайыпова елдің дамуына Қостанай облысының қосқан үлесіне тоқталып, Елбасы бастама болған шаралар жөнінде айтып берді.
– Шоқан мен Ыбырайды, Ахмет пен Міржақыпты дүниеге әкелген өңірдің рухани әлеуеті басым. Тіпті, елдің қалыптасуына себеп болған көптеген аға-апаларымыз бар. Олар берек-бірлікті сақтауда айрықша рөл атқарды. Расымен де Қазақстанның ішкі тұрақтылығы туралы шетелдік ғалымдар қомақты еңбектер жазды. Шүкір, біздің балаларымыз бейбіт заманда өмірге келді. Дегенмен олар ата-бабаларымыздың, Елбасының еліміздің негізін қалаудағы еңбектерін біліп жүруі тиіс. Қазіргі жас буынға соны ұғындыратын осындай шаралар жиі өтіп тұрса дейсің. Арнайы шақырып, құрметтеген облыс басшылығына алғысым шексіз, – деді Ботагөз Қайыпова.

IMG_8263 IMG_8253 IMG_8255
Жиын барысында ішкі саясат басқармасының «ҚР Президентінің бастамалары мен бағдарламалық құжаттары ақпараттық-түсіндіру орталығының қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында «Үздік насихатшы» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Зәуре Бәйменованың сөзінше, конкурс ақпараттық топтардың мүшелерін ынталандыру мақсатында қатарынан үшінші жыл өткізілді. Осы жылы өтініштер 20 өңірден 4 номинация бойынша келіп түскен. Құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, ғылыми интеллигенция мен азаматтық қоғам өкілдері кірген комиссия 12 үміткерді іріктеп алды.
«Үздік насихатшы» номинациясы:
– ДӘУЕНОВ Михаил Түсіпұлы – «Нұр Отан» партиясы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, ҰҚК отставкадағы генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты;
– ҒАПБАСҰЛЫ Жәнібек – зейнеткер, Арқалық қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы;
– ЛЫСОЧЕНКО Сергей Дмитриевич – Қарабалық ауданы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы.
«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін» номинациясы:
– ҒАЙСЕНОВА Римма Ғабдолқызы – Мемлекеттік қызмет ардагері;
– СТАРОДУБ Валерий Васильевич – Сарыкөл ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы;
– МАКСЮТОВА Салтанат Қазиқанқызы – Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы директоры;
– Өтебаева Динара Қайырбекқызы – «ГрИн Қостанай облысының Азаматтық альянсы» ҚҚ төрағасы;
– Александр Владимирович ЕРЕМЕНКО – Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Димитров атындағы № 1 орта мектебі» КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих мұғалімі;
«Бұқаралық ақпарат құралдарындағы кең ақпараттық жұмысы үшін» номинациясы:
– СУДАКОВА Наталья Викторовна – «Житикаринские новости» аудандық газетінің редакторы;
– КАЧЕЕВ Денис Анатольевич – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға оқытушысы;
«Жастар арасында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін» номинациясы:
– БАЯХМЕТОВА Мария Аубакировна – Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-гимназия» КММ тарих және өзін-өзі тану мұғалімі;
– Нұрмағамбетов Рашит Ғабитұлы – ЧелМУ Қостанай филиалының құқық кафедрасының профессоры.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓