Бағдарлама басталды. Нәтижесі қандай болмақ?
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірімізде аз қамтылған отбасылардың баспана алуын несиелеуге арналған «Бақытты отбасы» жаңа тармағын жүзеге асыру басталып кетті. Аталған бағдарлама көп балалы, кәмелектке толмаған мүгедек балаларды асырап отырған және толық емес отбасылар саналатын азаматтарды несиелеуге арналған.
Өткен шілде айының басындағы мәлімет бойынша аймағымызда жоғарыда аталған азаматтардың қатарынан 6192 адам баспана кезегінде тұр: . Осы топтағы азаматтарды жеңілдікпен несиелеу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етуге өңірімізде 1 млрд 870 млн теңге қарастырылған. Аудандар мен қалаларға несие алуға қатысты 225 бағыттама лимит ретінде жолданып отыр. Осы және бағдарламаның орындалу барысы жайында аймақ әкімдігінде аудан-қалалардың басшыларымен онлайн байланыс арқылы өткен селекторлық жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова мәлімдеді.толық емес отбасы 402 және 4822 кәмелектке толмаған мүгедек балаларды асырап отырған 968 көп балалы отбасы,
– 22 шілдеден облысымызда аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтардан өтінім қабылдау басталып кетті. Бұл бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар жергілікті аудан-қалалардың ТКШ бөлімдеріне өтініш жазады да, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама алады. Қазіргі уақытта аудан-қалалардың ТКШ бөлімдеріне 453 өтініш білдіруші жүгініп отыр: 106 көп балалы, 273 толық емес және кәмелектке толмаған мүгедек балаларды асырап отырған 74 отбасы. Баспанаға мұқтаждардың саны Қостанай (313), Рудный (37) қалалары мен Қостанай ауданында (38). Әзірге Алтынсарин, Жанкелдин, Қарасу, Науырзым, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарында өтініш білдіргендер жоқ, – деді Г.Әбенова.
Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 179 жолдама берілген болса, қаржылау ұйымының қарауында 101,3 млн теңгенің 14 өтінімі қаралып жатыр. Басқарма басшысы Қостанай, Арқалық, Лисаков қалалары мен Аманкелді, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Меңдіқара, Федоров аудандарында жолдама беру жөніндегі жоспар орындалды деді. Әрі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аз қамтылған отбасыларды несиелеу жұмысы да ойдағыдай екен.
Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы бастамашы болған «Бақытты отбасы» жобасы да көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға кешенді көмек көрсету жағынан жергілікті атқару органдары бірқатар шараларды қолға алыпты. Қазір тізімге алынған 5286 жанұя бар. Өңірде екі мың отбасыға 112,7 млн теңгенің көмегі көрсетілген.
– 42 көп балалы отбасыға баспана беріліп, 14 үйге жөндеу жүргізілді. 32 отбасыға малдың жем-шөбі, 405 жанұяға ағаш-көмір жеткізілді. Жылыту маусымының жақындап қалғанын ескеріп, аз қамтылған тұрғындарды отынмен қамтуды назардан қалдырмауымыз керек. Қажет болса, жанар-жағармай жеткізуді ұйымдастырған жөн, – деді Г.Әбенова.
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов бағдарламаның орындалу барысы үнемі назарда болу керектігін қадап тапсырды.
– Жұмысты игеру он пайызға да жетпейді. Бұл өте жауапты науқан, сылбырлық танытпағанымыз жөн. Екі-ақ пайызбен жиырма жылға тұрғын үйлі болу деген ең тиімді жеңілдік емес пе. Осы жеңілдіктің шарапатын аз қамтылған азаматтарымыз толық көру қажет. Аудан-қалалардың әкімдері, әрбір отбасының қандай көмек алып жатқанын жатқа біліп отырыңыздар. Депутаттар, «Nur Otan» партиясы, қоғамдық кеңес түгел жұмылсын. Қараша айының ортасына дейін кім баспаналы болды, кім басқа да әлеуемттік көмекке қол жеткізді, соның бәрін қортындылап отыруымыз қажет. Әйтпесе, уақыт өткізіп жүріп, барлық ауыртпалықтың жылдың аяғына қалмау жағына мән беріңіздер.
Облыс әкімі бағдарлама бойынша жұмыс жүргізбей отырған Алтынсарин, Жанкелдин, Қарасу, Науырзым, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарын сынға алып, бір айдан кейін қандай нәтиже шығарғандарын тыңдаймын деді. Әсіресе, тұрғындар арасында насихат жұмыстарын күшейтіп, ақпараттық жағынан қамтуды ұйымдастыруға шақырды. Облыстық ішкі саясат басқармасына банк басшылығы мен бағдарламаға қатысы бар мекеме өкілдерінің басын қосып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеңілдігі бар бағдарламаны кеңінен түсіндіруді тапсырды. Әсіресе, телеарна арқылы тікелей эфирге шығып, азаматтардың сұрақтарына жауап беруге дейін жағдай жасау қажеттігін жеткізді.