39 көше жөнделеді
Қостанайда жол жөндеуге бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Осы жылы облыс орталығына осы мақсат үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 39 көше жөнделмек. Тек орталық көшелер ғана емес, жеке секторлардағы жолдар қалыпқа келтіріледі, деп жазады alau.kz тілшісі.
Былтыр 5,5 млрд теңге бөлініп, Қостанайдағы 48 көше жөндеуден өткен еді. Қала әкімі мәлім етендей, Майлин көшесіндегі жұмыстар толығымен аяқталды, ал Лермонтов, Набережный және Карбышев көшелерін қалыпқа келтіру осы жылы жалғасады. Ұзын саны 39 көше жаңғыртылмақ.
– 10 көше қалыпқа келтіріледі. Оған 4,2 млрд теңге жұмсалады. Олардың ішінде, жоғарыда атап өткенімдей, былтыр аяқсыз қалған 3 нысан осы жылы аяқталады. Олар: Гоголь-Амангелді көшелерімен шектесетін Набережная көшесі; Қайырбеков-Бородин көшелерімен шектесетін Лермонтов көшесі; Уральский-Войн-интернационалистер көшелерімен шектесетін Тәуелсіздік көшесі. Баймағамбетов көшесінен Үлкен көпір аралығындағы Тәуелсіздік көшесі, Гагарин-Орджоникидзе көшелері аралығындағы Алтынсарин көшесі, Рудный тас жолы мен Амангелді ауылына шығатын Абай даңғылы аралығындағы Энергетиктер көшесі, – деп атап көрсетті қала әкімі.
Қалыпқа келтірілетін көшелердің үшеуінің жұмысы екі жылға жалғасады, олар: Қайырбеков-Чехов көшелері аралығындағы Павлов көшесі, Тәуелсіздік-Лермонтов көшелері аралығындағы Абай даңғылы, Съянов көшесі мен өтпежол аралығындағы Гагарин көшесі. 750 млн теңгеге тағы 5 көше орташа жөндеуден өтеді.

– Олар: әл-Фараби даңғылы, Мәуленов, Бородин, Волынов, М.Хакімжанова көшелері. Ресайклинг әдісімен орташа жөндеу 23 көшеге жүргізіледі (Фролов, Строительная, Соколовская, К.Маркс, Элеваторная, Шипина, Железнодорожная, Жамбыл, Свобода, Летунов, Транспортная, Лесная, Сибирская, Лиза Чайкина, Қозыбаев, Гастелло, 4-шағын аудан, 5 сәуір, Парковая, Пушкин, Кооперативная, Байтұрсынов, 5 желтоқсан көшелері). Оған 660 млн теңге шығындалмақ, – деп толықтырды Б.Жақыпов.
Мұның сыртында, 102 мың шаршы метрлік жол төсемі жөнге келтіріледі және аулалар іші назардан тыс қалмайды. Бұған 430 млн теңге қарастырылып отыр.

Қала әкімі атап өткендей, бүгіндері транспорт инфрақұрылымына қатысты барлық конкурстар жарияланған, өтінімдер қабылдау жүргізіліп жатыр. Қолайлы ауа райы туысымен-ақ қалада жол жөндеу жұмысы бастау алады.