ӘКІМ АЛҚАПТЫ АРАЛАДЫ
Демалыс күндері аймақ басшысы егіс алқаптарының жай-күйін қарап шығып, егін жинау жұмыстарына дайындық барысымен танысты.
Архимед Мұхамбетовтың инстаграмм парақшасында келтірілген ақпаратқа жүгінер болсақ, облыс бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы көлемі шамамен 4 млн. га құрайды.
-1 млн. 64 мың тонна немесе 67% бір жарым жылдық шөп қоры дайындалды. Бүгінгі күні 1,5 млн.га егіс алқаптарының жағдайы жақсы, 1,7 млн. га-қанағаттанарлық.
Жаппай астық жинау науқанын тамыз айының бірінші декадасынан кейін бастайды, – деп жазады аймақ басшысы өз парақшасында.
Жаппай астық жинау науқанын тамыз айының бірінші декадасынан кейін бастайды, – деп жазады аймақ басшысы өз парақшасында.
Шаруа иелерімен жүздескен облыс әкімі қазіргі заманғы жаһандық экономика мен нарықтық процестер дамуы шағында агроөнеркәсіптік кешенде теңдестірілген өндірісті жүргізу қажеттілігін атап өткен.