Рухани жаңғыру – ұлт мүддесі

Облыстық әкімдікте «Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ақпараттық сүйемелденуі» тақырыбында сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Мақсат – мемлекеттік бағдарламаның өңірдегі аяқ алысына есеп беріп, бағдарламаның қазіргі ауаны мен ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын қорытындылау.
IMG-20190801-WA0019 (1)
– «Көркей бер Қостанай!» бағдарламасы аясында жергілкті меценаттардың қолдау білдіруімен 2017-2018 жылдар аралығында 290-нан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бұл мақсатта 5 млрд 117 млн теңге жұмсалған. 2019 жылы 37 жоба іске асып 1,9 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, 2017-2019 жылдар аралығында өңірімізде 205 ірі жоба қолға алынып, үш мыңнан астам жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы халық жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілді, – деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
Рухани жаңғыру бағдарламасының қолға алынғанына екі жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыс аз емес. Мәселен, мұражайлардың саны 99 болса, қазіргі уақытта 160-тан асып жығылады. Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын облыстық бюджет қаржы бөлінеді. Бағдарлама бастау алған жылдары 100 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылса, биыл біздің өңірге ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарына 200 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.
– Халықтың рухын жаңғыртуға негізделген бағдарлама аясында біздің өңірде Шақшақ Жәнібектің ескерткіші ашылып, Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның бюсты орнатылды. Кейкі батырдың бас сүйегі жерленіп, кесенесі салынды. Сондай-ақ, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кесенесі жаңғыртылды. Сонымен қатар, алуан түрлі конференциялар мен жиналыстар өткізілді. Ақпараттық сүйемелдеу барысында жыл сайын медиа жоспар құрылады. Мәселен, Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласын ақпараттық құралдар арқылы насихаттау  үшін бюджеттен 204 миллион теңге бөлінді, – деді ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова.
IMG_20190801_111454_resized_20190801_023516878
Жергілікті БАҚ-мен бірлесе отырып, 34 ақпараттық жоба қолға алынған. Осы ретте «Қостанай таңы» газетінің жүйелі жұмысына тоқталып өткен жөн.
-Елбасының болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы жарияланғалы бері екі жылдан астам уақыт болды. Осы мерзім аралығында «Қостанай таңы» газеті айтарлықтай ауқымды істер тындырды. Басылымның әр санында бағдарламалық мақалаға байланысты кем дегенде екі-үш материалдан жарияланып отырды. Әсіресе бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша нақты шығармашылық жоспарлар жасалды. Соған сәйкес «Туған жердің тұлғалары», «Туған жер», «Қасиетті қазақстан», «Киелі жер», «Жас ұрпақ», «Рухани қазына», «100 жаңа есім» іспетті арнайы айдарлар ашылып, нақты кейіпкерлер мен белгілі факторлар негізінде ауқымды мақалалар жарық көрді. Ел мен жер тарихы туралы бағдарламадан бұрында газеттің Зерде атты айдарында танымдық дүниелер жарық көріп келген. Солардың қатарында алдын-ала бір жыл бойы Кейкі батыр және оның бас сүйегі хақындағы материалдар легі қоғамдық пікірді қалыптастыруда елеулі ықпал етті, – деді облыстық «Қостанай таңы» газетінің директор-бас редакторы Жанұзақ Аязбекұлы.          
Тамыз айы мен алдағы уақытқа ақпараттық  сүйемелдеу жұмыстарына сай жұмыс жоспары бекітіледі. Латын графикасына қатысты өңірлерде сауат ашу жұмыстарына нақты 20 жоба бойынша 30 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асыру  аясындағы жүйелі жұмыстар жоспарға сай жалғаса береді.
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓