Байғұла биден қалған сөз

Ұлытау өңірінде  Байғұла би Тынымберліұлы әділдігі, даналығы және  шешендігімен ел есінде қалған тұлға. Найманның төрт босағасының бірі Шегірдің  асына  қатыс-қан Байғұла би елге орал-ғаннан кейін замандасы Шегірдің асы туралы әңгіме-дүкен құрып отырып, былай деген екен:
би– Бұл дүйім қазақ бас қосқан ас болды. Осы аста мен бір қызық, бір масқара, бір сұмдық көрдім, – депті.
Қызығы:  Аста сарыала өгізге жүген салып, өмілдірік, құйысқан тағып, ер ерттеген, үстіне батсайы, түрлі-түсті барқыттан алабажақ киім киіп, сол өгізге мінген сайқымазақ ас өтіп жатқан жерді аралап жүрді. Асқа жиналған бүкіл бала-шаға, қатын-қалаш, жігіт-желең әлгі өгізге мінген сайқымазақты қызықтап, соның соңынан еріп кетті. Қазақтың дәстүрлі ойын-сауығы қызықтаусыз қалды.  Заманнан заман өтіп келгенде бұл адам ештемені тал-ғамай үстіне не болса соны киіп жүре беретін, алабажақ қызық заман болады, –  деген екен шешен.
Сұмдығы:  Астың ат бәйгесінде Қыпшақтың Бердікей руының Жылтайының көкала тумышы, көк тумышы бірінен кейін бірі келіп бас бәйгені жеңіп алды.  Заманнан заман өте келе еркекке әйел теңдік бермейтін, әйел – би,  еркек – құл болатын заман туады екен, – депті.
Масқарасы: Аста жи- налған көп халықтың ор-тасына қазық қағылып, қазыққа жеті-сегіз жасар інген байланды. Сол жерде: – Кімде-кім, ол еркек болсын, я әйел болсын анадан туғандай тыр жалаңаш қалпында келіп мына түйені шешіп алып, топқа кірсе, сол адам осы түйені бәйгесіне алады, – деп жар салынды. Жаршының айтқанын естіген халық іштен тынып, мұның соңы не болар екен деп күтті. Сол кезде отыздан асып, қырыққа келіп қалған бір жесір әйел анадан туғандай тырдай жалаңаш шешініп, ортаға шыға келіп:
– Жақсының да, жаманның да шыққан жері, жақсының да, жаманның да көрген жері,  көрмегендердің көретін жері, – деді де інгенді қазығынан шешіп алып, топтың ішіне шімірікпестен кіріп кетті, – депті.
Заманнан заман өте келе бұл адамнан ар кетеді, ұят кетеді. Бұл адам жалаңаш жүреді. Масқара қылықтар етек алған заман болады, – деген екен көрген Байғұла би.
 
***************
      
Байғұла би  Бекбау бо-лыстың үйіне түседі. Екі атаның игі жақсылары  дау-шармен жиналған  екен. Би екі жақты да тыңдап болып:
– Ей, ағайын!  Бір үйірдегі күйлеген байтал екінші үйірге қосылып, күйтін тарқатып құлындамайтын ба еді?  Қатар отырған ағайын екі елдің бірінің жесірін бірі алуы жалғыз осы ма?  Оның несін кек көріп, бір-біріңе бақан көтердің? Осыны айыпқа айналдырып, қырықпышақ болуларыңның өзі күнә емес пе. Атақозы алса, жесір өзінікі емес пе еді. Малтабар неғып бөлектенесің?! Жастар жарастық тауып жатса, жаулыққа  бастайтын не жөндерің бар? Айналып келгенде, осы кең далаға сыймайды емеспіз, сыйыспайсыз ғой! Бір-бірімізге деген мейірім жоқ, солай-ақ болсын деген ілтипатты көңіл жоқ.  Әйтпесе, көңіл қосқан           жастардың ынтымағын бұзып, тіккен отауын қайта жығудың дәлелі жоқ. Билігім осы!– деп, Бекбау болысқа:
–  Ей, Бекбау! Арынды Бекбау, болыс Бекбау!  Осы кикілжің, осы керіс сенен асып маған жететін не жолы бар еді? Сенің ағайынға басу айтатын "неғылайыныңның" жоқ екеніне налимын! – деген екен.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓