Өткен күннен бір белгі

Л.Н.Толстой атындағы ғылыми кітапханада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға құрылыс колледжінің студенттері қатысты. Қатысушылар алдында ҚР ҰҚК ардагері, запастағы подполковник, жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы кітаптың авторы Ғалихан Мәулетов пен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің музей жұмыстары жөніндегі әдіскері Е.Суряднова сөз сөйлеп, білген мағлұматтарымен бөлісті. Олар қазақ халқының 2 млн астамын алып кеткен аштық туралы, 1920-1950-ші жылдардағы сталиндік саяси қуғын-сүргін туралы әңгімеледі. Қостанай облысында 7 мыңға жуық адам қуғын-сүргінге ұшырап, 2 мыңнан астам адам атылған деген дерек бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓