“Қостанай таңы” газетінің “ДОМБЫРА-ДУМАНЫ”
Өңіріміздегі баспасөздің қара шаңырағы – "Қостанай таңы" газеті Тәуелсіздік күніне орай кезекті "Домбыра-думанын" өткізді.
Игі шара Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен, "Нұр Отан" партиясы ҚОФ қолдауымен ұйымдастырылды. Әрине, басты қолдаушымыз – оқырмандарымыз.
Осы орайда "Домбыра-думанының" өтуіне осымен екінші мәрте септігін тигізген "МАРТ" сауда, ойын-сауық орталығының әкімшілігіне ("Metrum" ЖШС басшысы Азат Жалалитдинұлы Сандалов-қа) айтар алғысымыз шексіз.
Бұл жолғы "Домбыра-думанға" өңіріміздегі мектеп оқушылары, білім ордаларының студенттері – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Академик З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ, М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ, ҚМПИ, педагогикалық колледж шәкірт-тері, ұстаздар, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның өнерпаз жастары белсенді атсалысты.
Сондықтан, Нұр-сұлтан Қасым мен Серәлі Мырзабайдың айтысы да ерекше болды. Жас ақындар "Қостанай таңы" газетін жырға қоса отырып, жастар үшін осындай рухани шаралардың маңызы зор екеніне тоқталды.
Жиын соңында төл өнеріміз бен ұлттық құндылықтармызды дәріптейтін "Қостанай таңы" газетінің "Домбыра-думаны" жобасына қатысқан жастарға құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ, Талғат Молдағалиев пен Қыдырбек Қиысқанұлының ән айтысымен көрермендердің ерекше ықыласына бө-ленгенін айта кеткеніміз жөн.
"Қостанай таңының" қызыққа толы "Домбыра-думанының" бейне нұсқасын алдағы аптада сайтымыздың бейне материалдар топтамасынан тамашалай аласыздар.
Мешіт
ҒАЗИЗ
СуреттеРДе: "Домбыра-думан" көріністері.
Суреттерді түсірген
Айбек ЖҮЗБАЙ.