Құрбан болғандарға құрмет

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері елімізде 2285 тәртіп сақшысы қызмет бабында, соның ішінде 785-і қаскөйлермен арпалыс кезінде қаза болған. Біздің облысымызда осы жылдары 41 пагон иесі ел тыныштығы жолында құрбан болды. Олардың 11-і қылмыскерлерді ұстау, қарулы қақтығыс барысында шейіт болғандар. Отаны мен отбасының қамы үшін отқа түскен Ф.Балановский, А.Попелин, А.Туромшин, В.Привалов, Ю.Григоров, С.Хасенов, Н.Омаров, М.Досымханов, И.Курочкиндердің есімі өңіріміздің полиция шежіресінде алтын әріптермен жазулы.
IMG-20190801-WA0022
Кеше Федоров ауданының  полиция бөлімінің алдында қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерін еске алуға арналған даңқ пен тағзым тақтатасы ашылды. Оған облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев, аудан басшылығы, ардагерлер, марқұмдардың туыстары, жас сақшылар мен жаркөлдіктер қатысты.  
IMG-20190801-WA0015
Ардақ Ынтықбаев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:
– Қаза тапқан әріптестеріміз халықтың тыныштығы жолында өмірін қиғандар. Бүгінгі ашылып отырған тақтатас сол Отанымызды күзету жолында жанын берген полиция қызметкерлердің рухына тағзым ретінде орнатылып отыр. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес қолға алынған жұмыс. Біздің облысымыз бойынша тағзым тақтатасы Жаркөл өңірінде алғаш болып тұсауы кесілді. Бұл науқан аймағымыздың барлық аудан-қалаларында жалғасып, тақтатастар орнатылатын болады.
Тәртіп сақшылары тағзым тақтатасы болашақ полиция ант қабылдайтын, ресми шараларды өткізетін жер ғана емес, кейінгі толқын үлгі мен тәрбие алатын орынға айналады дейді.
IMG-20190801-WA0018
IMG-20190801-WA0026
IMG-20190801-WA0030
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓