COVID-19: +56 науқас
19 шілдедегі мәлімет бойынша, Қостанай облысында COVID-19 инфекциясына 56 адам шалдыққан.Облыс орталығында коронавирус инфекциясы 29 адамнан анықталды. Лисаков қаласында 14 адамнан ПТР сынама алу кезінде КВИ жұқтырғаны белгілі болған. Тобыл қаласында – 2 , Арқалық қаласында -5 адам індетке шалдыққан.
Алтынсарин ауданында COVID-19-бен сырқаттанудың 6 жағдайы тіркелді. Пациенттердің жастары 16 дан 72 жас аралығында.
Пациенттер ЖРВИ белгілерінің пайда болуына шағымданып, өз еріктерінше жүгінулері бойынша, ауруханаға жатқызылған кезде эпидбақылау аясында тексерілді.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда, олар медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.
19 шілдедегі жағдай бойынша, облыста COVID-19 инфекциясымен 1960 адам ауырған. Жазылып шыққандар саны – 887 адам.