Курсанттар күдіктіні ұстады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттары полиция кіші сержанты Ғалымжан Тұрлыбаев пен полиция қатарындағы Алжан Галиев сейілдемеде жүріп, Абай даңғылы, №12 үйде орналасқан «Шерхан» азық-түлік дүкені сатушысының көмекке шақырған дауысын естиді. Дауыс шыққан жаққа қарай жүгіріп барған олар, аталған дүкеннен ұрлық жасап, сытыла қашқан орта жастағы құқық бұзушыны байқайды және жедел әрекет ете отырып, күдіктіні қолға түсіреді. Одан әрі жедел бақылау орталығының «102» нөміріне хабарласып, құқық бұзушыны Қостанай қаласы ІІБ қызметкерлеріне тапсырады._MG_0145
Бұл курсанттардың қабылдаған анттарына беріктігін және кез келген құқық бұзушылықтың жолын кесуге деген ынталарының асқақтығын көрсетті. Сонымен қатар, олар, таңдаған мамандықтарының аса қауіптілігіне қарамастан, әрқашан азаматтардың қорғаушысы екендіктерін жадында ұстайтынын дәлелдей білді. Курсанттардың көрсеткен көмегін Қостанай облысы ІІД және Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы жоғары деңгейде бағалап, оларды марапаттауға ұсынды._MG_0110
Айдың–күннің аманында бейбіт өмір кешушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етемін деп ойламаған біздің курсанттар айтарлықтай ерлік жасады. Егер олар айқайлаған дауысқа елең етпей, ұрыны уақытында ұстамаса, ол адам басқа да ауыр қылмысқа барар ма еді. Жас та болса ер жүректік танытқан біздің батырларымыздың бірі Ғалымжан Тұрлыбаевтан істің мән – жайы туралы баяндап беруін сұраған едік.IMG-20160628-WA0009
-Ғалымжан, болған істі толықтай баяндап берші, оқырманға түсінікті болсын?
Біз, Әлжан екеуіміз, сейілдемеге шығып, жай әңгімеселіп келе жатқанбыз. Бір уақытта ұрыны ұстаңыздар, көмектесіңіздерші!, – деген бізге қарата айтылған сөзді естідік. Сол жаққа мойын бұрғанымызда, жанұшыра көмек сұрап айқайлап тұрған дүкен сатушысын көрдік. Сол сәтте қолында заты бар ұрыны да көріп үлгердік. Оған заңды түрде: «Тоқта!», деп үш рет айқайладық. Ол тоқтамады. Содан, Әлжан екеуіміз қуып жетіп, ұстап алдық. Ол бізге қарсылық көрсетіп, мен ештене ұрлаған жоқпын, деп ақтала бастады. Ал біз оған жүр, ана сатушының қасына барайық, мән-жайды түсіндіресің деп, қарапайымдылық таныттық. Ол бізге бағынбай, балағат сөздер айта бастады. Ал біз Академияда алған теориялық білімімізді және қылмыскерді залалсыздандыратын жауынгерлік тәсілімізді қолданып, оның қарсылық көрсетпеуін айтып, ұстап тұрдық. Сосын сатушы келіп, ЖБО «102» нөміріне хабарласып, кезекші полиция қызметкерлерін шақырды. Ішкі істер қызметкерлері келген соң, біз оларға ұсталған ұрыны тапсырып, әрі қарай жөнімізге кеттік. Ал кейін не болғанын білмейміз.
"Оқу орнына келіп, барлық мән-жайды курс бастығы полиция майоры Василий Васильевич Заварыкоға баяндадық" дейді кішігірім ерлік жасаған 3 курс курсанты полиция кіші сержанты Ғалымжан өз әңгімесінде.
 
Мақаламды жазып болған соң, мен Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, жағдайдың анық-қанығын сұраған едім. Менің сауалыма ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Балслу Алекенова төмендегі ақпаратты баяндап берді:
-Ия, Сіздердің курсанттарыңыздың жедел қимылының арқасында дүкен тонаушы ұры қолға түсті. Ол бұрын бірнеше рет ұрлық жасап, қылмыстық жауапқа тартылып, сотталған, 1994 жылы туған. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері жүргізіліп жатыр.
Осындай кез келген болашақ полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен антына деген беріктігі – ел тыныштығы мен бейбітшілігіміздің сақталуына қосылар елеулі үлестің бірі деп білеміз.
 
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрлігі
Шырақбек Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының
баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓