Қоғамдық даму министрі Қостанайда

Қостанай облысына ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев жұмыс сапарымен келді. Лауазымды тұлғаның аймаққа арнайы ат басын бұрғандағы мақсаты – ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру үшін жиындар өткізу.калетаевМинистр жұмыс күнін Қарабалық ауданынан бастап, ондағы бірқатар кәсіпорындарда болды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірге актив жиналыстарына қатысып, Жолдау жүктеген міндеттемелерді талқыға салды. Кейін мұндай жиын облыс орталығында жалғасын тауып, құрметті мейман ҮЕҰ үйінде аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізді.
Толық ақпарат кейінірек беріледі.
 
Сурет "Костанайские новости" сайтынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓