Әлеумет пікірі селсоқ қабылданбауы тиіс

Мемлекеттік қызметшілерді БАҚ пен әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс жауап беруді үйрету жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың төрағалығымен алдағы кезеңге арналған жұмыс басымдықтарын талқылау бойынша өткен МҚІА-ның кеңейтілген отырысында айтылды.67154155_2663584810343130_7750653057003683840_o
Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тиімді және сапалы өзара іс-қимылының өзекті мәселесі айтылды.
«Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлу, оларды Мемлекеттік басқару академиясының базасында БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс әрекет ете білуге үйретуді қамтамасыз ету қажет», – деді ведомство басшысы.
Академияға бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдардың басшы қызметкерлері үшін осындай дағдыларды оқыту бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды.
«Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында білім беру жүйесі экономиканың бір бөлігі болып табылатындығын атап өтті. Әрбір мемлекеттік қызметшінің біліктілігі, халықпен және халықтың мүддесі үшін жұмыс істеу қабілеті мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынас құрудағы жүйе құраушы элемент болады», – деді А.Жайылғанова.
Анар Жайылғанова өз сөзінде мемлекеттік органдарға жүгінген кездегі азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға ерекше назар аударды.
«Бүгінгі таңда Агенттікке келіп түскен өтініштер санының өсуі байқалады, бұл халықтың біздің жұмысымызға деген сенімінің көрсеткіші.
Осы ретте, біз олардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Әрбір шағым жан-жақты зерделеніп, қисынды аяқталуға тиіс», – деді Агенттік Төрағасы.
Анар Жайылғанова өтініштерді сапасыз қарау фактілері талданып, кінәлілерге қатысты елеулі шаралар қабылданатындығын ескертті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓