Жаңа мектеп ашылады
Қостанайда №28 мектеп-гимназиясы пайда болады. Мемлекеттік тілде оқытатын мекеме 900 орынға шақталмақ. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Ахметов Инстаграм желісіндегі парақшасында жазды.
Бородин көшесіндегі 138/1 ғимарат жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмек. Нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, қасбеті жаңарып, жылу жүйелері қалыпқа келтіріледі. Сондай-ақ, мектеп жаңа жиһаздармен қамтылады.
Сурет қала әкімінің аккаунтынан алынды