Алаяққа – айыппұл
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қостанайдағы "Орталық базар" аялдамасында жұртты ақшаға құмар ойын ойнатқан әйел айып арқалады. Ол бұған дейін нақ осындай заңсыз әрекеті үшін екі рет жазаланған.Қуаяқ әйелге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.
"Қостанайдың мамандандырылған сотының қаулысымен әйел әкімшілік жауапкеркершілікке тартылды.Оған мемлекет кірісіне 200 АЕК көлемінде (505 000 теңге) айыппұл салынды. Ойнату құралдары – үш кесе мен поролонды кішкене шар тәркіленді", – делінді сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.