Балықшылар көлігі суға батты

Қостанайда төрт балықшы мінген "Нива" автокөлігі суға батып кетті. Бұл туралы "Алау" порталы хабарлайды. Оқиға 19 қарашада Жоғарғы Тобыл су қоймасында болған. нива
Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше балықшылар жедел әрекет етіп, суға батып бара жатқан көліктің ішінен шығып үлгерген.
"Алайда олардың біреуінің үсті су болып, жедел жәрдем көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Оқиға орнына Лисаковскідегі шұғыл құтқару қызметі жасағының мамандары жеткен. Құрамында төрт адам болған және бір техника тартылған. Сонымен қатар, Лисаковск және Денисов аудандарының ТЖ бөлім басшылары да келген", – делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 
Іздеу-құтқару шаралары барысында сағат 00:10-де Жоғарғы Тобыл су қоймасында мұз үстінде төрт адам табылып, құтқарылды. 
Зардап шеккендердің бірі Лисаковск қалалық ауруханасына жеткізілген. Оның табаны, бақайлары үсіп қалған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓