Апеннин түбегіне аттанды
24-31 шілде аралағыныда Италияның Сардиния қаласында дәстүрлі «Паранзас Этноданза» халықаралық фольклорлық би және музыка фестивалі өтеді. Осымен 43-ші мәрте ұйымдастырылып отырған фестивальге қостанайлық өнерпаздар да атсалыспақ. Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының «Ақжелең» және «Костанайские зори» би ансамблдері осы шығармашылық жобада өнер көрсетеді. Бұл байқауға әлемнің әлеуетті өнер ұжымдары қатысады. Бұған дейін аталмыш музыкалық фестивальде Перу, Колумбия, Сербия елдері жеңімпаз атанып келді.
Апеннин түбегіне аттанған «Ақжелең» ансамблі 1994 жылы құрылған. Ансамбль жыл сайын гастрольдерінің географиясын кеңейте түсуде. Астана, Алматы, Мәскеу, Краснояр, Қорған, Дондағы Ростов және басқа да ТМД қалалары қостанайлықтардың өнеріне тәнті болды. Сонымен қатар, Франция, Корея, Германия, Египет елдеріне де «Ақжелеңнің» жолы түскен. Ал «Костанайские зори» би ансамблі 1971 жылдан бері түрлі сахналарда. Ұжым құрамы бірнеше рет жаңарды. Олар бірнеше республикалық және халықаралық би фестивальдерінің лауреаты.