Қорық әлі өртеніп жатыр (БЕЙНЕ)

Наурызым қорығында өткен аптада басталған өрт әлі сөнбей жатыр. Тілсіз жау Өлеңді, Шолаққопа маңынан басталып, күшті желдің салдарынан күре жолдың екінші жағындағы табиғи қорыққа көшкен. Өрттің өршіп кетуіне шілденің аптап ыстығы мен секундына 30 метрге жететін қатты жел себеп болған. -e1493961754662Қызыл жалын 1 мың гектардан астам шабындықты шарпыған. Өртке қарсы күреске  50 шақты техника және 90-ға жуық өрт сөндіруші, жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Мұның сыртында Әулиекөл, Қарасу аудандарының құтқарушылары көмекке келген.
 
 
 
 
– Кеше таңғы 4-5-ке дейін сөндірдік. Күшті желдің салдарынан бірін өшірсең, екінші жақтан тұтанып жатыр. Тілсіз жау қорық аумағына енгенімен, ағашқа тие қойған жоқ. Адамдар мен қорық аумағындағы аң-құс та аман, – дейді  Науырзым қорығы директорының орынбасары Қанат Батырханұлы.
Табиғи қорықты шарпыған тілсіз жаудың бетін тойтару шаралары туралы сұрап білмек болып, облыстық төтенше жағдайлар қызметіне, Науырзым ауданының әкімдігіне қайта-қайта қоңырау шалдық. Өкінішке орай ешкім телефон тұтқасын көтере қоймады. Кім білсін, бәлкім өртпен арпалысып, қолдары тимей жатқан шығар.
 
Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓