Қала инфрақұрылымы дамуда

Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов бір топ мекеме басшыларын ертіп қаланың жаңа объектілері мен құрылыс алаңдарын аралады.
Алдымен жұмыс тобы күрделі жөндеуден өткен №15 қазақ орта мектебінде болды. Мұнда шатыр, қасбет, еден мен жылыту жүйесі жаңартылып, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға ас әзірлеу бөлімі үшін технологиялық жабдықтар, интерактивті тақталар мен жаңа парталар сатып алынған.
Субұрқақ (1)Одан кейін қала әкімі Ленин көшесінде іске қосылған субұрқақ пен Юбилейный ауылына барар жолдағы су таратқыш құбырларды салу жұмысымен танысты. Жаңа күрежол жекелеген шағын аудандардың, Железорудная станциясы мен Юбилейный ауылының ауыз су мәселесін шешуге бағытталған.  
Сандригайлодагы уйСондай-ақ, сапар барысында Бақытжан Темірұлы Сандригайло көшесіндегі жаңа тоғыз қабатты үйді қарап шығып, 50 лет Октября көшесі мен Железорудная станциясындағы жолдың жаңартылған бөлімінде болды. Қорытындылай келе атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толған әкім қала инфрақұрылымын одан әрі дамытуда сапаға ерекше көңіл бөлуге шақырды.
 
 
 
 
 
Қуаныш Есқабыл
Рудный қаласы

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓