Автоқалашық ашылды

   Алғаш рет еліміз бойынша Қостанайдағы физика-математикалық  лицейінің аумағында балаларға арналған  автоқалашық ашылды.
  10970  Қалашықта орналасқан  жол қозғалысы белгілері,  бағдаршам мен жол қиылыстары  тура кәдімгідей. Оқушы балалар автоқалашықта  жол қозғалысы ережесін оқып-үйренеді. Жол қозғалысы ережесін үйренуге арналған  бұл  нысан ҚР 2012 және 2014 жылдарға арналған  жол қозғалысы қауіпсіздігімен қамтамасыз ету  туралы салалық бағдарламаны жүзеге асыру аясында дүниеге келді.  Білім басқармасының да, полиция ведомствосының қызметкерлері де   автоқалашықтың пайда болуына белсене атсалысты.  Алдағы уақытта осы тұрғыдағы автоқалашықтар   қаланың  басқа да  мектептерінде  салынады.
 
Гүлназым Сағитова 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓