Кадрлық өзгерістер
ҚР Президентінің 2014 жылғы 3 шілдедегі №856 Жарлығына сәйкес Қостанай облысының сот саласында кадрлық өзгерістер орын алды.
Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегеніндей, Қамысты аудандық сотының төрағасы Бекжан Жамбылов қызметінен босатылып, Әулиекөл аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Ал, Қамысты аудандық сотының төрағасы болып Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы №2 аудандық сотының судьясы Нұрлан Жанақаев тағайындалды. Сондай-ақ, осы жарлықпен Алматы қаласы Медеу аудандық сотына судья қызметіне тағайындалуына орай Қостанай қалалық №2 сотының судьясы Ержан Шыңғысов, Астана қаласы Есіл аудандық сотына судья қызметіне тағайындалуына байланысты Қостанай қалалық №2 сотының судьясы Бақыт Батталова, сонымен қатар басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный қалалық сотының судьясы Айсұлу Сламбекова қызметтерінен босатылды.
Қ.Маратқызы