240 литр жанар майды қолды қылған
Қарасу ауданында ірі мөлшерде жанар май ұрлағандар қолға түсті.

Аталмыш оқиғаға қатысы бар күдіктілердің ізіне түскен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ұрыларды 2 күннің ішінде қолға түсірді.
Аяқ астынан оңай олжаға кенелуді ойлаған ұрыда алыстан келмепті. Ол 53 жасар сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Оның үйінің ауласынан қолды болған айғақ заттар да табылып отыр.
Қазіргі таңда, күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Мешіт Ғазиз