Полицей баланың өмірін аман сақтап қалды
Оқиға Қарабалық ауданының орталығындағы көп қабатты үйдің ауласында болған. Полиция аға тергеушісі полиция майоры Иван Шевченко осы жерде кешке отбасымен бірге қыдырып жүріп, көмек сұрап айқайлаған әйелдің даусын естиді. Ол дереу көмекке жүгіреді. Иван кәмпитке қақалып, ауа жұта алмай жатқан кішкентай қызды көреді. Тәртіп сақшысы баланы тізесіне етбеінен жатқызып, арқасынан қағады сол сәт кәмпит баланың тамағынан ытқып шығады. Содан соң полиция қызметкері жақын маңнан өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, анасы баласын аудандық ауруханаға жіберді.
– Бірнеше жыл бұрын менің балам да кәмпитке қақалған болатын, бірақ дәл мұндай қиын жағдай емес еді, – дейді Иван Шевченко. – Содан соң мұндай сәтте не істеу креек туралы көп зерттедім, міне, бекер емес, көмегім тиді. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін біз қызметтік сабақтарда зерделедік. Сондықтан не істеу керектігін білемін.
Кішкентай қыздың ата-анасы тәртіп сақшысына шексіз ризашылығын білдірді. Қазір баланың жағдай жақсы.