Астана күніне арналды

Қостанайда Елорда күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Астана күніне арналған мерекелік кешті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтау лебізімен ашты.IMG_7537
 
IMG_7541
IMG_7555-Бүгінгі маңызды іс-шара еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі елорда күні қарсаңында өткізіліп отыр. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның бас қаласы бүкіл әлем таныған айбыны асқақ шаһарға, беделді жаһандық елордаға айналды. Бас қаламыздың өркендету ісінде тұңғыш президент, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі мен іргелі бастамалары аса маңызды. Елорданың әр жетістігінде бой көтерген әрбір ғимаратында елбасының қолтаңбасы, ерен еңбегі бар.Сондықтан бас қаланың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілуі ұлт көшбасшысы, Нұрсұлтан Әбішұлына деген елдің құрметін дәлелдейтін орынды шешім. Сондай-ақ, Елорданың экономикалық әлеуеті бас қалада "EXPO-2017" халықаралық көрмесін өткізуге мүмкіндік берді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әлемдік іскерлік байланыстың күретамырына, қауіпсіздік пен бітімгершілктің орталығына айналып отыр.Мәдениет пен руханияттың алқалы ордасында әлемнің дін басшылары алты мәрте бас қосып, бейбітшілік байламдарға келді. 2010 жылы елордамызда жоғары деңгейде Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының тарихи саммиті өтіп, бас қала әлемдік саясатта жасампаздықтың негізгі нышаны ретінде танылды. Ұлы дала елордасы дүниежүзінің сәулетті қаласы бола отырып, жастарымызды болашаққа бастайтын ұлт мақтанышына айналды. Алдағы уақытта да тұрақтылық пен қарыштап даму салтанат құрған елордамыздың дәулеті мен сәулеті келісіп, әлеуеті еселеп артатыны сөзсіз. Елдіктің тірегіне айналған еліміздің бас қаласы көркейе берсін. Еліміздің еңсесі биік жұртымыз тыныш болсын, – деді облыс әкімі Архимед Бегежанұлы.WhatsApp Image 2019-07-05 at 15.39.18
 
IMG_7537Атаулы датаға арналған мерекелік шарада облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан қызметкерлерді аймақ басшысы құрмет грамоталарымен марапаттап, естелікке қол сағатарды табыс етті. Марапатталғандардың арасында педагогтар мен мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері бар.WhatsApp Image 2019-07-05 at 15.39.20
 
WhatsApp Image 2019-07-05 at 15.39.21Мерекелік шарада жергілікті өнерпаздар ән айтып, би биледі. Сонымен қатар, Алматыдан арнайы келген елімізге танымал әншілер Мирас пен Құралай Бекжановтар және эстрадамыздың жарық жұлдызы Ерке Есмахан өз өнерлерін көрсетті. Кешке жиналған көрермен мерекелік бағдарламаны тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.WhatsApp Image 2019-07-05 at 15.39.09
WhatsApp Image 2019-07-05 at 15.39.22(1)
WhatsApp Image 2019-07-05 at 15.39.22
 
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓