Жыр арқауы – Алаш ардақтысы

Бүгін І.Омаров атындағы қазақ драма театрында "Өзіміздің Би-аға" атты республикалық мүшайра өтті. IMG_8594
 
IMG_8609Қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған мүшайраға елдің түкпір-түкпірінен ақындар қатысқан. Жүрекжарды жырларын жолдаған 30-дан астам ақынның ішінен 15 ақынның еңбегін әділ қазылар алқасы саралап алыпты. Өлеңдері жүлдеге лайықты танылған Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Нұр-Сұлтан, Орал, Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларынан және Жанкелдин, Қамысты аудандарының дарындары бар. 
Рухани шараның ашылуында облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова құттықтау лебізін жеткізді. Ол ардақты тұлғаның қазақ халқы үшін сіңірген еңбегі туралы баян ете келіп, топ ішінен үзік шыққан ақындарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, бұл шараға Бейімбет Майлиннің ұрпақтары арнайы келіп қатысты. IMG_8603
 
IMG_8678"Атамыздың атын ардақтап осындай рухани шара ұйымдастырған барша жанға айтар алғысымыз шексіз. Бұл жыр мерекесі – үлкен-кішіге ортақ ғанибет. Б.Майлин атындағы қордың атынан да сіздерге көп рахмет айтамыз. Біз атамыздың атына аудан аты берілгенін естігенде төбеміз көкке екі елі жетпей, қуаныштан көз жасымызды сықтық. Лайым бізді даңқты тұлғаның аруағы қолдай жүрсін", – деп ықылас сөзін айтты жазушының шөбересі Салтанат Мұстафина.IMG_8625
Одан әрі ақындардың өлеңдеріне кезек берілді. Қай-қайсысының да өлеңі жалын атып тұр. Алаш ардақтысының атын шама-шарықша адақтаған. Қатысушылардың өнеріне жергілікті зиялы қауым өкілдері – Серікбай Оспанов, Ғұмар Ахметчин, Нұрқанат Құлабаев, Абылай Маудановтар баға берді. IMG_8633
IMG_8665
IMG_8658
IMG_8650Қорытындысында бас жүлдеге нұрсұлтандық азулы ақын Серікбай Әбілмәжін ие болып, қанжығасын 200 теңгемен майлады. 1-орынға рудныйлық дарын Ғалымгерей Кенжеғозин лайық деп танылды. Оның қоржынында – 150 мың теңге. Ақтөбелік Гүлімбай Қуанышова 2-орынды жеңіп алды. Бұл ақынға бұйырған жүлде – 100 мың теңге. 3-орынды астаналық ақын Жұлдызай Ысқақ ұтып алды. Оған 50 мың теңге бұйырды. Мұның сыртында, "Би-аға ізбасары" аталымындағы арнайы сыйлықты жанкелдиндік өлең шебері Жанна Ерекина еншіледі. Сондай-ақ, "Ұлт мақтанышы" аталымындағы жүлденің иесі Қуаныш Алпысбай болды. Мүшайраға қатысқан ең қарт қатысушы – лисаковтық 84 жастағы кейуана Мөр Тілеубайға естелік сыйлық табыс етілді. IMG_8699
IMG_8706
IMG_8717
IMG_8724
IMG_8730Шара қорытындысында ұлы жаушының ұрпақтары сахна төріне көтеріліп, ақындардың әрқайсысына және облыс әкімі Архмед Мұхамбетовке деп кәдесыйлар тапсырды. Қазылар төрағасы Ғұмар Ахметчин мүайраны қорытындылап, келешекте Б.Майлин атындағы музей ашылса деген ұсыныс тілегін жеткізді.IMG_8758
IMG_8747
IMG_8775 
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓