“Darmen”-нің пәрмені көп

Қостанай облыстық ТЖД "Darmen" атты ақысыз мобильдік қосымшаның іске қосылғанын хабарлайды. Смартфондар мен планшеттерге арналған қосымша бұған дейін елдің басқа облыстарында жұмысын бастаған еді.57400206_1205222886322561_8587508166243564746_n
Жаңа қосымша Android және iOS операциялық жүйелері үшін ойлап табылған. Артықшылығы – облыс көлемінде тұрғындарға оқыс жағдайлардың туындауы мен қаупі жайлы, сондай-ақ ауа райы құбылыстары туралы қас қағым сәтте жаппай ақпараттың тарауына мүмкіндік береді. 
Қосымша өзінің барынша тиімділігін көрсетіп отыр. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілгенін айта кету керек. Оны App Store және Play Market арқылы ұялы телефонға жүктеп алуға болады. Қосымша үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.
    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓