Жазаның жаңа түрі

12 жасқа толмаған балаларын үйде қараусыз қалдырған ата-аналарды жазалау қажет. Мұндай ұсынысты бүгін Мәжілісте Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі ретінде атқарған жұмысы жайында баяндаған Зағипа Балиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.rebenok-na-okne
«Қазіргі уақытта жұмыс тобы ата-аналардың 12 жасқа толмаған балаларын қараусыз қалдыруға құқығы болмайтындығын көздейтін норма әзірлеп жатыр. Егер ол 12 жасқа толмаса тіпті үйде де жалғыз қала алмайды», – деді ол.
Осы ретте Зағипа Балиева іс жүзінде жоқ қамқоршы органды күшейтуді ұсынды. Оның айтуынша, қамқоршы органы деп аталғанымен ол білім беру департаментіндегі бір адам ғана. Оған сол қамқоршы қызметі жүктелген.
Сонымен қатар балалар омбудсмені елімізде балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылыққа заңмен тыйым салу қажеттігін баса айтты. «Балаларымызды қорғайтын бірде-бір заңымызда зорлық-зомбылыққа тыйым жоқ екенін ойланыңыздар. Баланы өлтіргені, соққыға жыққаны үшін ғана қылмыстық жауапкершілікті көздейтін бап қана бар. Біз әзірлеп жатқан заңнамада кемсітушілік дегеніміз не, зорлық-зомбылықты шектеу, ата-ана жауапкершілігін көтеру сынды мәселелер болады», – деді Зағипа Балиева.

 

 

You may also like...

1 Response

  1. Шәмшиден айтты:

    үинде бала бағатын адамы жоқ жас о басы қала  болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓