Қатерлі “киндер-тосынсый”

Дәстүрлі "Көкнәр-2016" республикалық жедел алдын алу шарасы 1-маусымнан бері жалғасуда. Бұл туралы "Алау" хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рудный қаласында тәртіп сақшылары 35 жастағы күдікті азаматтан 3 грамм героин тәркіледі. Корчагин көшесі бойында тоқтатылған көлікті тінту барысында қызметтік-іздеу иті героин салындысы бар "киндер" кәмпитінің қорабын тапты.
киндер
Ол ойыншықты жүргізуші орындығының астына жасырған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай әдіске барған есірткішіл бұл ғана емес, нақ осындай оқиға бұған дейін де тіркелген. Айтылмыш дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жалпы, жыл басынан бері облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері 167 қылмысты әшкерелеген, оның 130 дерегі саудаға қатысты. Ал "Көкнәр-2016" операциясы барысында жалпы салмағы 89 келі болатын әртүрлі есірткілік зат тәркіленген. Акция қазан айында бітеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓