Жаңа формат бойынша…
«Кәсіпқор» холдингінің төрайымы Елдана Сәдуақасованың айтуынша, еліміздегі Индустрияландырудың екінші бесжылдығында он төрт саланың жүзге жуық жобасын жүзеге асыру үшін кәсіби колледждерде отыз бес мың маман даярлау қажет.

Біз өзімізге облыс орталықтарында орналасқан алғашқы серіктестік он политехникалық колледжді таңдадық. Бірінші кезекте оқытушылардың кадрлық құрамын өзгертеміз, оқытушыларды даярлаудың жеті модульдік жүйесін енгіздік,- дейді Е.Сәдуақасова.
Ол шетелдік оқу мекемелерінің тәжірибесін «Кәсіпқор» қазақстандық колледждерге тарататынын атап өтті.
Гүлназым Сағитова