Жетім көрсең жебей жүр
Бүгінде облысымыздағы жоғары және орта буын оқу орындарында білім алып жүрген жетім балалар баршылық.

– Негізінен балалар үйлері болмаса мектеп-интернаттарында немесе қамқоршылардың қарамағында тәрбиеленіп, мектеп бітірген жетім балалар көбіне облысымыздағы колледждер мен лицейлерде оқып, білім алғанды дұрыс көреді. Мәселен, үстіміздегі жылғы 9 сыныпты бітірген 130 бала облысымыздағы колледждер мен лицейлерге бюджет бойынша түсті. Балаларымыздың оқу орындарына түсіп, қандай да мамандықтың иесі болғанын қалағандықтан, оларды қадағалап, бақылап, мониторинг жасаймыз,-деді бізге маман.
Гүлназым Сағитова