Оқиға орнынан ізін суытқан
Қостанайда велосипедшіні қағып, ізін суытқан автокөлік жүргізушісі іздестірілуде.

Қазіргі таңда жол апатын жасап, жәбірленушіге ешбір көмек көрсетпей, жолдың қақ ортасына тастап кеткен жүргізушіге полицейлер іздеу салды. Сондай-ақ, осы жол апатына куәгер болған тұрғындар болса 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.
Мешіт Ғазиз