«Тамашада» болған дүрбелең
Кеше кешкісін Қостанай шаһарының қақ ортасында орналасқан «Март» сауда орталығындағы «Тамаша» супермаркетінде тосын жағдай болды. Атап айтсақ, осы жерге сауда жасауға келген қала тұрғынының супермаркет аузындағы заттарды сақтайтын ұяшықтарға қойып кеткен сөмкесі жоғалды. Бұған біздің фототілшіміз Бағдат Ахметбеков куә болған еді.

Жалпы біздің қаламызда жұртшылықтың алаңғасарлығынан осындай оқиғалар жиі қайталанып тұратын көрінеді. Сондықтан да, тәртіп сақшылары тұрғындардың ірі сауда орталықтарына барған кездерінде өз заттарына мұқият болуын сұрайды
Мешіт Ғазиз