Ескерткіш тақта жаңаруда
by
Qostanaı tańy
·
16.04.2015
Қарабалық ауданы. Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында аудан орталығындағы ескерткіш тақтаны жөндеу жұмыстары басталды. Аталмыш тақта ҰОС-да қаза тапқан боздақтарға арналған. Мұнда 236 майдангердің есімі жазулы. Қайта қалпына келтіру жұмыстарынан соң ескерткіш тақтаға жаңадан тоғыз боздақтың есімі қосылмақ.