Дер кезінде көмекке келді

Қостанай қаласының ПБ патрульдік полициясының полиция ротасы көлік ішінде өзін жайсыз сезінген әйелге дер кезінде көмектесті.Абзал Бельхеев
Облыс орталығының тұрғыны Елена Фисенко облыстық ПД бастығы Бекет Айтмағамбетовтің атына алғыс хат жолдады.
"Маған көмек қолын созған полция қызметкерлері – аға лейтенант Қажымұрат Жұмағазин мен аға сержант Абзал Бельхеевке зор алғысымды білдіремін", – деп жазды тұрғын өз хатында.
24 маусымда сағат түскі 1-лер шамасында аталған тәртіп сақшылары Лермонтов көшесі бойында күзетте жүрген. Оларға әлдебір әйел көлікпен келіп, есікті аша сала көмек сұраған. Әйел өзін жайсыз сезініп тұрғандықтан, рөлді басқара алмайтынын айтады. Полицейлер дереу жәрдем шараларына кіріседі. Абзал Бельхеев көлік тізгініне отырып, тұрғынды үйіне дейін апарып тастайды. Жол бойында тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырған.
"Үйге келген соң тәртіп сақшылары мені жалғыз қалдырып кетпеді, жедел жәрдем келгенше қасымда болды. Оларға рахмет, өмірім солардың қолында болды", – дейді Елена Николаевна.
 
Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓