Үй өртке оранып, 2 жасар бала ажал құшты

Қостанай ауданы, Борис Романовка ауылында жеке тұрғын үй өртке оранып, 2 жасар бала ажал құшты. Облыс ТЖД ақпаратына сүйенсек, бала үйде жалғыз болған. pojar_2Өрт шықпас бұрын аз уақыт үйде пеш жағылған, әкесі сарайда шаруа істеп жатқан. Анасы дүкенге шығып кеткен.
Әкесі күйіктің иісі мен күшті жалынды байқап қалады. Ол шыңғырған дауысы шыққан баланы құтқармақ болады. Алайда түк көрінбейтін түтін мен лаулаған өрттен өту мүмкін болмады. Түтінге тұншыққан отағасы сыртқа әрең шығып, есінен тана құлаған.
Куәгерлер оқиғаны ұялы телефонның бейнежазбасына түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Алайда біраз уақыттан соң жантүршігерлік бейнеге қолжетімділік шектелді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓