Қ.Тоқаев: “Мәселе жаңа оқу жылына дейін шешілуі тиіс”
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін №24 мектеп-гимназиясына қатысты мәселеге байланысты алаңдаушылық білдірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», деп жазды Президент twitter-дегі парақшасында.