Өрт өмір жалмады
Оқиға туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқыс жайт Қостанай қаласында Хакімжанова көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.
"30 шаршы метрлік ауқымлағы еден, қабырға, төбе өртке оранған. Отпен күрес 19.50-де басталып, 22.04-те ауыздықталды. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің мүрдесі табылды", – делінеді хабарламада. Өрт себебі анықталу үстінде.