БАЙЛАНЫС БӘРІН ШЕШЕДІ

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Қазпочта» АҚ eGov.kz  порталында ұялы телефон балансы арқылы айыппұл, баж салықтарын және тағы басқа төлемдерді төлеу сервисін іске қосты.Звонок
Баланста жеткілікті қаражатына ие бола отырып, KCell және Билайн мобильді операторларының абоненттері айыппұлдарды, баждарды және тағы басқа төлемдерді банктік картаны қолданусыз төлей алады.
Ол үшін порталдағы белгілі бір қызметті алу барысында «Ұялы телефон балансының көмегімен төлеу» тәсілін таңдау керек.
Өз деректерін және ұялы телефон нөмірін енгізген кезде абонент бір реттік SMS-паролін растағанда, айыппұлдың онлайн-төлемі жүргізілетін болады. Мұнымен қоса, төлем туралы чек порталдағы "жеке кабинетте" сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған жаңа тәсілден басқа төлем картасының немесе электрондық әмиянның көмегімен төлем жасауға болады.
Соңғы жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мобильді байланысқа барынша иек артып отырғанын айта кеткен жөн. Себебі, ұялы байланысты пайдаланушы қазақстандықтардың қатары жыл өткен сайын қалыңдай түсуде. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, еліміздегі ұялы байланыс абоненттерінің саны 26,6 млн-ға дейін артқан. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Мамыр айының соңында ұялы байланыс абоненттерінің саны жылына 4,6%(плюс 1,2 млн) артып, 26,6 млн пайдаланушыға жеткені (бір жыл бұрын-25,4 млн) белгілі болды.
 Оның ішінде ғаламторды қолдану мүмкіндігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны 15,9%, 11,9-дан 13,8 млн-ға дейін өскен. Бұл соңғы 5 жылдағы өсім деңгейінің ең жоғары көрсеткіші. Бұл деректерді "finprom.kz" сараптамалық порталы келтіруде.
Мобильді интернетті пайдаланатын абоненттер ұялы байланыс абоненттерінен асып барады. Бұған дейінгі көрсеткіш 46,9% – 51,9% деңгейінде болатын. Жалпы ғаламторды пайдаланушы абоненттер саны соңғы бес жылда 3 миллионға жетіп отыр.
 
Жұматай КӘКІМЖАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓