АССАМБЛЕЯ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

Қостанайда аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Жиын барысында барлық этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрлерін дамыту және осы бағытта өңірде жүргізілетін жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, аймақтық Ассамблеяның жыл бойы атқарған жұмыс есебі тыңдалды.әкім ассамблея
"Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы алты айда 86 ірі қоғамдық және мәдени-көпшілік іс-шара өткізді. Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарының бірі – облыстағы 17 этномәдени орталығымыздың әлеуметтік бастамаларын қолдау. Айтулы орталықтардың оннан астам жобасы тұрақты ұйымдастырылып отырады, – деді Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина. – Мәселен,  "Дуслык" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің "Татар қызы" сұлулық және талант байқауы өтті, Татарстан делегациясының қатысуымен республикалық деңгейде "Сабантуй" ұйымдастырылды, "Эребуни" армян қауымы Ана мен сұлулық күнін, Сольналь және корей ЭМО жыр фестивалін, қырғыз мәдениет орталығы "Балалық шағымның аспаны" этнофестивалін өткізді. Осы істердің барлығы да Ассамблеяның мұрындық болуымен жүзеге асырылды".
Қостанай облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредитациялау жөніндегі комиссия төрағасы Әлімжан Бекмағамбетовтің айтуынша, барлық өңірлерде 900-ден астам этномәдени бірлестік, 192 этно-ағарту кешені, Достық үйі жұмыс істейді. Қазақстан әлеуметтік-мәдени және гуманитарлық даму саласында 180-нен астам халықаралық құжаттарды ратификациялады. Қостанай облысында өз қызметін 17 этномәдени бірлестік жүзеге асырады, олар мемлекеттің, азаматтық қоғам институттары мен азаматтардың: ғылым және білім, мәдениет, әдебиет, өнер, спорт, туризм, БАҚ, ҮЕҰ, саяси партиялар, бизнес, Әлеуметтік кәсіпкерлік, Мемлекеттік қызмет салаларындағы өзара іс-қимыл негізінде құрылған Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылады.Ассамблея
Этномәдени бірлестіктер ҚР "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңында бекітілген міндеттерді толық көлемде орындайды, ҚХА институтын бірегейлік пен бірліктің қазақстандық моделін дамыту, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру және ұлт болашағын нығайту бойынша жұмысты үйлестіру орталығы ретінде одан әрі жұмысын жандандыратын болады.
Жиын барысында Меңдіқара ауданына қарасты Первомай орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі В.Дивель мемлекеттік тілдің маңыздылығын әңгіме арқауына айналдырды.
"Менің ұлтым – орыс. Ұлтым өзге болса да, жүрегім «қазақ» деп соғады. Мен Мендіқара ауданының, Қасқат ауылында дүниеге келдім. Мемлекеттік тіл менің өмірімде шешуші рөл атқаруда. Қазақ тілі туған тілімнен жақын десем артық болмас. Тілді білген адамға қазақ тілі – әдемі, қызық, әрі бай тіл. Сонымен қатар, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Сол себептен, қазақ тілінің қажеттігі – қазіргі заман талабы. Бірақ, қазақ тілін үйрену кезінде, оның заман талабы болғандығынан емес, қазақ халқына деген сыйластық, оның тілі мен тарихына деген құрметпен қарап, тілді үйренуіміз қажет. Олардың қонақжай, мейірімді, ақкөңіл халық екенін естен шығармауымыз керек", – деді ол.Ассамблея22
Жиын соңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңіріміздегі ҚХА алдына бірқатар жаңа міндеттер қойды. Сондай-ақ, қоғамдық келісімнің нығаюына, ел бірлігін бекемдеуге үлес қосып жүрген бірқатар аймақ азаматтарын марапаттады.
 
Жұматай КӘКІМЖАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓