Жекешелендіру: үшінші толқын басталды

Биыл Қазақстанда жекешелдірудің үшінші толқыны басталды. Мұны сатылап жалғастырудағы мақсат – экономиканың әртүрлі саласындағы бәсекелестік ортаны дамыту. Бұл үрдістің өңірдегі аужайы туралы облыстық Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова брифингте мәлімет берді.
Жекешелендіру екі рет – 2014-2016 жылдары және 2016-2020 жылдар аралығында іске асырылды. Осы кезеңдерде облыста жалпы сомасы 1 млрд теңгеге 31 нысан жекешелендірілген. Биыл үшінші толқын басталып, алға жаңа міндеттер қойылып отыр.          
– Меншікке беруге жатпайтын мемлекеттік меншік нысандарын ескере отырып, ҚР Үкіметі жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарын бекітті, – деп атап өтті Алма Әутенқызы. – Аталмыш кешенді жоспар республика бойынша тұтастай алғанда 733 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысанын қамтиды, оның ішінде Қостанай облысы бойынша 40 нысан осы жоспарға енгізілген.
Кешенді жоспардың объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі сауда-саттық электронды форматта жүргізіледі. Нақтырақ айтқанда, ол Мемлекеттік мүлік тізілімі порталының электрондық сауда алаңынды жүзеге аспақ.
 – Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, әлеуметтік нысандар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін объектілер меншікке берілмейді. Сондай-ақ, заңнама бойынша, темір жол, автокөлік жолдары, су шаруашылығы және электрмен қамту нысандары, тарихи және мәдени нысандар да жекешелендірілмейді, – деп түсіндіп өтті басқарма басшысы.
А.Жүсіпованың айтуынша, жекешелендіруге өткен нысандардағы ахуал әлдеқайда жақсара түскен. Атап айтқанда, кірісі молайып, еңбекақы қоры толыққан, өндіріс көлемі артып, бюджетке түсетін салық та салмақ қоса түскен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓