“Дәрмен” денисовтық балалармен
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2019 жылы жариялаған «Балалық шақ күзінде» науқаны аясында Денисов ауданында 2019 жылы 20 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бастамасымен «Дәрмен» эстафета-науқаны өтті.
Науқанның мақсаты – балаларға өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын, өрт жағдайында дұрыс іс-қимыл жасауға үйрету, жеке қауіпсіздік және айналадағы адамдардың қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарауға дағдыландыру. Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері Денисов ауданы ТЖ бөлімі, Денисов ауданы 8-ӨСБ және Қостанай облысы Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы (СӨАЖҚЖ) бірлесіп, "Солнечный" балалар жазғы лагерінде демалушы балалармен кездесу өткізді.
Кездесуде балалар өрт сөндірудің алғашқы құралы ретінде адамдарға көмекке келетін балаларды құтқарушы – "Дәрмен" бейнесіндегі өрт сөндіргіш акцияның символымен танысты. Содан кейін Денисов ауданы ТЖБ аға инженері Әсел Әлімбаева «Жазғы демалыстағы қауіпсіздік: балаларға арналған қағидалар» атты әңгіме өткізді. Онда өрт қауіпсіздігіне, судағы қауіпсіздік пен балалардың жарақаттануына ерекше көңіл бөлінді. «101» және «112» шұғыл қызметтерінің шақырулары туралы тақырып қозғалды. Өрт шыққан жағдайда бірінші кезекте осы нөмірлердің біріне қоңырау шалу қажет. Алған білімдерін бекіту үшін жазғы демалыстағы қауіпсіздік қағидалары бойынша викторина өткізілді. «Сен білесің бе?» атты ойын түріндегі сұрақтар мен жұмбақтар қойылды, сұрақтарға балалар қуана жауап берді.
Кездесу соңында Денисов к.8-ӨСБ қызметкерлері балаларды өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен, жауынгерлік киім-кешектермен таныстырды және эстафета өткізді, оған ұлдар ғана емес, қыздар да қатысты. Ал СӨАЖҚЖ құтқарушылары суда құтқару құралдарын дұрыс қолдануды, суға батушыны құтқару амалдарын іс жүзінде көрсетті. Балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға олардың кәсібі туралы, олардың тәжірибесінде бастан кешкен жағдайлары туралы көптеген сұрақ қойды. Кездесу соңында басты кейіпкер Дәрмен балалармен ортақ естелік суретке түсті.
Осындай әлеуметтік маңызы бар науқандар барлық жастағы балаларға өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауға және нақты төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритміне саналы және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектеседі. Балалардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын үйде, көшеде, орманда – жалпы кез келген жерлерде сақтау қажеттігін түсінуі өте маңызды.
Байқау, эстафеталар, науқандарға толы өрт қауіпсіздігі бойынша бұл жұмыс балалар үшін ерекше қызықты болды. Бұл балаларды өртке қарсы тақырыптармен қызықтырып, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қостанай облысының ТЖД