Ғылыми конференция

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен, аудан мектептеріндегі тарих пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай “Алаш тағылымы және Тәуелсіздік” тақырыбында ғылыми конференция өтті.конференция фото
Білім беру бөлімінің әдіскері Айгерім Райсова ғылыми конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттерін және басты бағыты жөнінде кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тарих пәнінің мұғалімдері  “Алаш” партиясының Қазақстан тарихында алатын орны мен бағдарламалық жобаның негізгі идеясына талдау жасап, қазақ елінің құқытық мемлекет ретінде қалыптасыуына қосқан зор үлестерін мақтанышпен жеткізді. Ғылыми конференция барысында белсенділік танытып, жүйелі ойларын ортаға салып, жас ұрпаққа үлгі болатын Алаш зиялыларының ерлік істерін жетелі насихаттап, зерделей білген Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектебінің мұғалімі Күлсина Тұңғышбайқызын, Жангелді орта мектебінің мұғалімі Алмагүл Әміржанқызын, А.Қоңқабаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Гүлжанар Рақымжанқызын есімдерін ерекше атап өткен жөн. Құрметті қонақ ретінде шақырылған Торғай мұражайлар кешенін басшысы Гүлбану Құлетқызы бұл бастама алдағы уақытта кең ауқымды түрде өтсе деген ұсыныс білдірді. Себебі Алаш автономиясының қоғамдағы рөліне саяси-танымдық тұрғыдан жаңаша баға беру, Алаш тағылымы мен бүгінгі Тәуелсіздігімізе талдау жасау басты міндетіміз екендігін еске салды.
Аудандық білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің меңгерушісі Жанат Карбозқызы білімдері мен біліктіліктерін ортаға салып, ерекше көзқарас танытқан барлық тарих пәнінің мұғалімдеріне алғыс білдіріп, арнайы сертификаттар тапсырды.
 
                                                                         Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
                                                                                 Жанкелдин ауданы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓